Общество

Сақтар парсы империясына қалай көмектесті?

Серік Ерғали

25.11.2021

Б.д.д. 550-331 жж. дейін сол кезеңдегі ең қуатты мемлекет Парсы империясы саналды. Оның аумағы шығыстағы Инд өзенінен бастап, батыстағы Үнді теңізіне дейінгі жерді алып жатты. Бірақ бұл империяның бір емес екі билеушісі сақтарға қарсы шығып, екеуі де күйрей жеңілгені бар. Б.д.д. 530 жылы Аракс өзеніне таяу жерде парсының бүкіл әскері үлкен соққыға ұшырады. Бұнымен бірге Парсы мемлекетінің негізін қалаушы Кир ІІ қаза тапты.

Тарихтың атасы Геродоттың жазуына қарағанда, сақтардың патшайымы Томирис Кирдің мәйітін табуға бұйырыпты. Сөйтіп, Кирдің басын қанға батырып қояды.

Бірақ сақтар Кирдің өздеріне шабуылға шығатынын күтпеген еді, себебі, оған сақтар жуырда ғана Ассирияны бағындыруға көмектескен болатын.

Екінші рет сақтардың жеріне б.д.д. 519 жылы парсының екінші ұлы билеушісі Дарий І жорыққа шығады. Алайда, Дарийдің қолы да Кирдің жолын құшты. Дарий сақтардың даласына сұғына кіріп, әскерін әбден қажытып алады. Ақыры соғыс пен ауруға шалдыққан әскери қолын тастай қашып, даңғой патша ұлы Даладан масқара болып қашуға мәжбүр болады. Дарий бірақ тасқа қашап жазған Бехустин жазбасына сақтарды өзінің бағынышты халықтарының бірі ретінде ұялмай бейнелеп қалдырады.

Кир ІІ-нің немере жиені, Дарий І-дің ұлы Ксеркс өзінің нағашы атасы мен әкесінің қатесін қайталаудан бас тартты. Ол далалық мемлекеттің жеріне басып кірудің орнына, сақ көсемдеріне ағыл-тегіл сыйлық жөнелтіп, бейбіт келісім жасауға және Грекияға қарсы әскери одақ құруға өтініш жасады.

Сақтар оның ұсынысын қабылдады. Өйткені, біріншіден, гректің бай қалалары олжаға кенелтетін еді. Екіншіден, бұл әскери жорық сақтар үшін өздерінің күштерін сынап, әскери тәжірибе мен жетілуге жол ашатын еді. Осылайша, олар бұл соғысқа қатысып, өздерін нағыз батырларша көрсетті. Сақтардың атты әскері Марафонға шабуыл жасап, афиналық ауыр қаруланған жаяуларды тас-талқан етіп жеңді. Басқа бағыттағы парсылар жаппай жеңіліс тапқан болатын. Фермолил түбіндегі және Платей жанындағы сақтардың жаяу әскері де жаудан әлдеқайда басым түсті. Ал, парсының қолбасшысы Мердонидің күзетшісі өңкей сақтар болатын, ол тізе бүккен Грекия жеріндегі парсының әміршісі еді. Осылайша олар б.д.д. 472 жылға дейін әскери жорықта Мердонидің қасында болды.

Ксеркстің сақтармен арадағы бұл бейбіт әрі ынтымақ келісімін б.д.д. 475-424 жж. парсы елін басқарған оның ұлы Артаксеркс те жалғастырды.

Мысыр мен Бабылдағы көтерілген ереуілді басуға да ол сақтар әскерін жөнелткені жайлы ашықтан ашық жазылып қалған. Парсы империясының әлсіреп, тарихтан тая бастаған шағында, ебропалық шағын Македония мемлекеті өзіне әлемнің назарын аудара бастаған шақ еді. Ақылды патшаның ұлы жас патша Александрдың мемлекеті еуропадағы ең қуатты ел болып қана емес, бұрынғы парсы империясының барлық иелігін басып алуға қол жеткізеді. Осының нәтижесінде алып Македония мемлекеті пайда болды.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МАТЕРИАЛ:

Спитамен – Македонскийден Ұлы даланы қорғаушы

Сақтар Македонский әскерін қалай жеңді?

Ежелгі үндіні 5 ғасыр билеген сақтар

Бірақ та парсы үстемдігі кезіндегі секілді Александр империясы тұсында да, сақтар өз еркіндігін сақтап қалған далалықтардың мемлекетінің сыры әлі күнге талайды таң қалдырып келеді. Сақтар ешкімге алаңдамастан да, бағынышты болмастан да бейбіт жасай берді. Бұл аз болғандай, шығысқа беттеген Македон империясының қолын сақтар ғана тоқтатқаны жайында ежелгі грек тарихшысы Арриан жазып қалдырды.

Қысқасы, Александр да әлемді жаулаған ұлы император болғанымен, даланы бағындыра алмаған қолбасшы болып тарихтан көшті.

Б.д.д. І ғасырда Александрдың ебропалық империясынан сау-тамтұқ қалған жоқ. Алайда, бұл империяның жойылуына бірден бір тиек болған сақтардың тегеурінді мемлекеті мен әскері болғандығын тарихшылар мойындағысы келмейді.



Серік Ерғали

Публикации автора

Советтік барлаушы болған алашордашылдың ұлы

Әбілқайыр хан – жалтақ тарихшылардың құрбаны

Қызылдар мен Алашорданы келістірген тұлға

Әбілқайыр ханды өлтіруге тапсырыс кімнен болды?

Қазақ жерін қорыған Мақсұт

Сабантой – түркілердің күзгі мерекесі

Топ-тема

Другие темы

ГЕОПОЛИТИКА | 16.05.2024

Премьер-министр Малайзии посетит с официальным визитом Кыргызстан, Казахстан и Узбекистан с 15 по 19 мая

ОБЩЕСТВО | 15.05.2024

Урок Истории. Как преодолеть разногласия?

ГЕОПОЛИТИКА | 15.05.2024

Возвращение Талибана, невыполненные обещания и развитие центральноазиатских связей

ОБЩЕСТВО | 14.05.2024

Палитра проблем: дорогое такси и «дешевый» язык

ГЕОПОЛИТИКА | 14.05.2024

Ядерная угроза оси зла - пустышка

ГЕОПОЛИТИКА | 13.05.2024

Добрая воля. Получится ли у Казахстана стать миротворцем?